Covid-19: АҚШ-та бір тәулікте 77 мың науқас тіркелді

925

Бұл рекордтық көрсеткіш.

Covid-19: АҚШ-та бір тәулікте 77 мың науқас тіркелді Фото: ria.ru

Құрама Штаттарда соңғы бір тәулікте 77 мың адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Сондай-ақ бір күн ішінде 900 тұрғын дерттен қаза тапқан. Бұл турлалы Джонс Хопкинс Универсистетінің мамандары хабарлады.

Нақты дерек бойынша, вирус жұқтырудың 77255 жағдайы тіркелді. Қайтыс болғандардың саны – 943.

Осыдан екі күн бұрын 66,2 мың науқас анықталып, 941 адам ауруын асқындырып қайтыс болған еді.

Пандемия басталғалы АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 3,5 миллионнан асып кеткен. Осы күнге дейін дерттен 138 мың америкалық көз жұмды. Миллионнан астам тұрғын ем-дом қабылдап жазылған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу