Covid-19: АҚШ вакцинаның бағасын жариялады

675

Препарат құны өзгеруі мүмкін.

Covid-19: АҚШ вакцинаның бағасын жариялады Фото: reuters.com

Құрама Штаттардағы Moderna деп аталатын биотехнологиялық компания коронавирусқа қарсы екпе курсының бағасын 50-60 доллар деңгейінде бекітпекші. Яғни бір дозасы 25-30 доллар болады. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады. 

Ресми дерек бойынша, бұл АҚШ пен халықтың табысы жоғары басқа елдер үшін белгіленген баға. 

Дегенмен вакцинаның құны өзгеруі мүмкін. Өйткені өткен аптада АҚШ билігімен екпеге қатысты келісімге отырған америкалық Pfizer мен Германияның BioNTech компаниялар өз препараттарын 19,5 долларға бағалап отыр. 

Moderna компаниясының вакцинасын АҚШ-тың федералдық үкіметі қолдап отыр. Билік осы орайда 500 миллион доллар бөліп, компанияны бірінші болып таңдаған болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу