COVID-19: Алматыда сырқаттану көрсеткіші төмендеді

818

Орта есеппен күніне 68 адам вирус жұқтырады.

COVID-19: Алматыда сырқаттану көрсеткіші төмендеді

Мегаполисте ақпан айының соңынан бастап сырқаттану көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Орташа алғанда, күніне 68 адамның вирус жұқтырғаны расталады, бір апта бұрын бұл көрсеткіш екі есе көп болды. Бұл туралы Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Спикердің айтуынша, 27 ақпаннан бастап Алматы "жасыл" аймаққа кірді. Егер ақпанның соңында күніне 144 адамға дейін індет жұқтырған болса, 3 наурыз 68 науқас тіркелді. 2022 жылдың басынан бері Алматыда 53 900 адам індет жұқтырған. 

"Алматыда коронавирус індетінің бесінші толқыны өз дамуының соңғы кезеңіне жақындап келеді. Аурудың тез төмендеуі ұжымдық иммунитеттің жоғарылауына байланысты, бұл 59%-дан асады", – деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Қасымхан Алпысбайұлы бейресми ұжымдық иммунитет 5%-ға жоғары болуы мүмкін деп есептейді. Себебі қалалықтардың бір бөлігі диагностика мен медициналық көмекке жүгінбей, жеңіл немесе симптомсыз түрде инфекция жұқтырады. Сондықтан кейбір жағдайлар ресми статистикаға енбеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу