Алжир билігі пандемияға байланысты елдің 29 провинциясында коменданттық сағат режимін 13 шілдеге дейін созды. Ресми дерек бойынша, режим жергілікті уақыт бойынша 20.00-ден 05.00-ге дейін жалғасады. Сонымен қатар бұл елде той тойлауға, жәрмеңке мен нарықтың жұмысына тыйым салынды.
Қалған 19 провинцияда коменданттық сағат алынып тасталды.Бірақ жергілікті билік инфекция таралу қарқыны күшейсе, тәулік бойына карантин енгізетінін мәлім етті.
Алжирдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, елде вирус жұқтырғандардың саны 13 мыңнан асып, оның 905-і қаза тапқан. 9674 тұрғын ем-дом қабылдап жазылған. Соңғы күндері індет дендеп барады. Мысалы, соңғы екі күнде 600 адамның ауруға шалдыққаны анықталды.
Табиғат Нұрболат