АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа қарсы америкалық вакцинаның жақын арада дайын болатынын мәлім етті.
"Екпе 3-4 аптада жасалады", – деді Трамп ABC арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек,15 қыркүйекте АҚШ-та AstraZeneca мен Оксфорд университеті бірлесе жасап жатқан вакцинаның клиникалық сынағы уақытша тоқтатылған еді.Өйткені препарат еккеннен кейін сынаққа қатысқан бір адамның жағдайы нашарлаған. Қазір жергілікті мамандар осы жайтты жіті бақылап, зертханалық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Құрама Штаттар вирус жұқтырғандар саны бойынша әлі бірінші орында. Пандемия басталғалы 6,6 миллион адам ауруға шалдығып, оның 195 мыңы көз жұмған.
Табиғат Нұрболат
Фото: cnbc.com