COVID-19: Атырауда бір тәулікте 103 адам инфекция жұқтырған

875

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы "қызыл" аймақта, деп хабарлайды inbusiness.kz Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

COVID-19: Атырауда бір тәулікте 103 адам инфекция жұқтырған Фото: Максим Морозов

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 80 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 15 адамнан болса,Құрманғазы – 4, Махамбет – 3 және Исатай ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 37 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 54 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 278 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 164, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 261 адам ем қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу