COVID-19 ауруының көбеюіне байланысты үш өңірде карантиндік шаралар күшейтіледі

1171

Премьер-Министрдің орынбасары Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. 

COVID-19 ауруының көбеюіне байланысты үш өңірде карантиндік шаралар күшейтіледі

Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында карантиндік шаралардың әлсіреуі коронавирус ауруының көбеюіне әкелді, COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шараларды күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

"Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті", деп жазылған хабарламада.

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

"Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды", — деді Е. Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу