COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар саны 852-ге жетті

1088

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 15 мамырдағы ақпарат.

COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар саны 852-ге жетті

Коронавирустан елімізде қазір 39 316 адам емделіп жатыр. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сүйенсек, олардың 14033-і стационарда, ал 25 283-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр, деп жазады inbusiness.kz.

"КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында 798 адамның жағдайы ауыр, 185 пациенттің жағдайы өте ауыр, 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанғандарға қатысты дерекке тоқталсақ: 13 мамырдағы мәлімет бойынша 130 жаңа жағдай тіркелген, 1 адам көз жұмған, 99 адам жазылып шығыпты.

"2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 54 014, өлім жағдайлары - 852, барлығы 52 615 адам сауығып шықты",– дейді ВАК-тан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу