Індет пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды

958

Бүгінде 174 науқастың жағдайы өте ауыр.

Індет пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 23 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде 126 829 адам COVID-19 вирусынан емделіп жатыр.

"Оның ішінде 10 192 пациент стационарда, 116 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 434 адамның жағдайы ауыр, 174 пациенттің жағдайы өте ауыр, 84 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 вирусынан 17 адам, пневмониядан 6 адам көз жұмған.

Биыл 3 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Айта кетейік, 2 ақпанда коронавирус пен пневмониядан 19 адам қайтыс болған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу