COVID-19: ДДСҰ балалар мен жасөспірімдерге вакцина егуге рұқсат етті

1003

Ұйым мамандары мамыр айында пандемияның балалар денсаулығына тигізетін әсері туралы айтқан болатын.

COVID-19: ДДСҰ балалар мен жасөспірімдерге вакцина егуге рұқсат етті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцина егуге болатындығын мойындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап. Бұл ұсыныс ДДСҰ сайтында жарияланды. 

Мәлімдемеде балалар мен жасөспірімдер COVID-19 дертімен ересектерге қарағанда жеңіл түрде ауыратыны жазылған.

"Егер олар қаупі жоғары топқа кірмесе, оларды егде жастағылар, созылмалы аурулары барлар мен медицина қызметкерлерінен кейін вакцинациялау керек", – деп жазылған мәтінде.

Бұған дейін ұйым мамандары балаларға вакцина салуға қатысты мәліметтер жеткілікті еместігін жариялаған еді.

Мамыр айында ДДСҰ  пандемияның балалар денсаулығына тигізетін әсері туралы айтты. Аймақтық Еуропалық бюроның мәліметінше, карантиндік шектеулердің ұзаққа созылуы балалардың семіруіне әкеліп соғатын көрінеді. Ұйым сарапшылары алты жастан тоғыз жасқа дейінгі балалардың шамамен 30%-ы мектептердің жабылуы және белсенділіктің азаюы салдарынан артық салмақ қосқанын анықтады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу