Бірақ індеттің таралуына әлі де тосқауыл қойылмағанын қаперден шығармаған жөн болар, деп хабарлайды Atameken Business.
Барынша сақтық амалды ұстануымыз әбден-ақ керек. Қайтадан індетке бой алдырмас үшін демалыс күндері кейбір шектеу шаралары күшейтілетіні айтылыпты. Мысалы, бас қалада алдағы жексенбіде қоғамдық көлік жүрмейтінін біле отырыңыздар. Ал Алматының бас санитары сауда орталықтары, азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда базарлары, сұлулық салондары, шаштараз, спорт орталықтары, хауыздар, даладағы аттракциондар жұмыс істемейтінін ескерткен болатын. Дәл осындай сақтық шарасы басқа өңірлерде де сақталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу