Covid-19: Дүниежүзілік банк елімізге $27 млн бөлді

1033

Бұл қаржы вируспен күреске бағытталған.

Covid-19: Дүниежүзілік банк елімізге $27 млн бөлді

Дүниежүзілік банк Қазақстанға көмек ретінде $27 млн шамасында қаражат аударды. Қаржылай қолдау коронавирус пандемиясымен күреске арналған. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан басылымы хабарлады.

"Банк бірнеше апта ішінде пандемиямен күрес үшін бірқатар елге қомақты қаржы бөлді. Қаржылай көмектің бірінші кезеңінде $387 млн шығындадық. Оның 27 миллионы Қазақстанға, 311 миллионы Өзбекстанға, 21 миллионы Қырғызстанға, 27,5 миллионы Тәжікстанға үлестірілді", – деді банктің Орталық Азия бойынша директоры Лилия Бурунчук.

Оның сөзінше, қазір қаржы ұйымы ҚР үкіметімен қолдаудың екінші кезеңін талқылап жатыр.Яғни жақын арада экономиканы қалыпқа келтіруге арналған қаражат құйылуы мүмкін.

"Біз пандемияға дейін бірнеше жобаны дайындай бастаған едік. Бұл экономиканы тұрақтандыру үшін өте маңызды. Атап өтер болсам, олардың қатарында 0,5 млрд долларға мал шаруашылығын дамыту жобасы бар. Сонымен қатар цифрлық даму жобасымен айналыстық,бұл бүгінгі таңдағы виртуалды жұмыс уақытында өте қажет нәрсе", – деді банкі өкілі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу