COVID-19-ды диагностикалауды жүргізу барысында нарықта жаңа ойыншылар пайда болды

586

COVID-19 ПТР-диагностикасының бағасы 19-дан 3 мың теңгеге дейін төмендеді.

COVID-19-ды диагностикалауды жүргізу барысында нарықта жаңа ойыншылар пайда болды

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларының шекараларында 2020-2021 жылдар кезеңінде полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен коронавирустық инфекцияны диагностикалауды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Талдау шеңберінде ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияны диагностикалауды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер нарығында республика бойынша 2020 жылы 96 медициналық зертхана қызметін жүзеге асырғаны, 2021 жылы 130-дан астам, өсім 35%-ға жүзеге асырылғаны анықталды. Бұл санның артуы өңірлерде медициналық зертханалардың жаңа филиалдарының ашылуымен, сондай-ақ нарықта жаңа ойыншылардың пайда болуымен байланысты.

Талдау ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияға диагностикалау жүргізу жөніндегі қызметтер нарығы 2020 жылы Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының шекараларында нарықтың жоғары шоғырлануымен, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының шекараларында нарықтың орташа шоғырлануымен сипатталатынын көрсетті.

Бұл нарық 2021 жылы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының шекараларында жоғары шоғырланған нарыққа, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының шекараларында орташа шоғырланған нарыққа, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төмен шоғырланған нарыққа жатады.

ПТР арқылы COVID-19 зертханалық диагностикасының баға динамикасы 2020-2021 жылдар аралығында төмендеу үрдісіне ие.

COVID-19-ға ПТР-тестілеу енгізілгеннен бастап нарықтың негізгі қатысушылары бағасының өзгеруін талдау келесіні көрсетті:

- "Ұлттық сараптама орталығы" РМК бағасы 2020 жылғы сәуірден 11 500 теңге, 2020 жылғы қарашадан 9 000 теңге;

- "Олимп "КДЗ" ЖШС бағасы 2020 жылғы мамырда 19 220 теңге, мамырда 15 400 теңге, қазанда 12 320 теңге, қарашадан 9 000 теңге;

- "Invivo" ЖШС бағасы 2020 жылғы шілдеде 15 500 теңгеден 18 500 теңгеге көтерілді, қазанда 15 000 теңгеге төмендеді, қарашадан 9 000 теңге.

2021 жылғы 28 сәуірден "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК-нің барлық филиалдарында COVID-19 ПТР тестілеу бағасы 6 350 теңгеге дейін, "Олимп" КДЗ және "Инвиво" ЖШС-да 2021 жылы мамырдан бастап 9 000 теңгеден 6 500 теңгеге дейін төмендеді.

Агенттік жалпыға қолжетімді ақпарат көздері негізінде COVID-19 ПТР-тестілеу бағаларына мониторинг жүргізе отырып, ағымдағы жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша COVID-19 ПТР диагностикалау бағасы "Олимп" КДЗ-да 3 260 теңгеге, "Инвиво" ЖШС-да 2 900 теңгеге және "Ұлттық сараптама орталығы" РМК-де 4 000 теңгеге дейін төмендегенін анықтады.

Жалпы бұл нарықта бәсекелестік дамып келеді.

Жеке медициналық зертханалар үшін бұл нарықтағы негізгі кедергі COVID-19 диагностикасын жүргізуге уақытша қол жеткізу болып табылады.

Талдау деректері негізінде Агенттік Денсаулық сақтау министрлігіне осы кедергіні жою бойынша ұсыныстар жіберді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу