COVID-19-ды емдеу – денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың басым бағыттарына айналды

523

2020 жылы Алматы қаласының жергілікті бюджетінен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға өткен жылдан 60%-ға жоғары қаржы бөлінді. 

COVID-19-ды емдеу – денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың басым бағыттарына айналды

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Жоғары медициналық колледждің директоры Светлана Сұлтанғазиева мегаполистің денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлау туралы айтып берді.

Жоғары медициналық колледж Алматы қаласының практикалық денсаулық сақтау мамандарын диплом алғаннан кейінгі даярлаумен айналысады. Колледж құрамында құрылымдық бөлімше болып табылатын және денсаулық сақтау саласында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік орталық бар.
Медицина мамандарының біліктілігін арттыруда 3 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар:
- бейіні бойынша жетекші отандық мамандарды тарта отырып, ел ішінде медицина кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- Алматы қаласына шетелдік жетекші мамандарды тарту және семинар-тренингтер (мастер-кластар) өткізу арқылы медицина кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- шетелдік білім беру ұйымдарына немесе клиникалық орталықтарға жіберу арқылы мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Орта медицина қызметкерлерін оқыту АМСКК басымдығын, оның көпфункциялылығы мен әмбебаптығын ескере отырып жүргізіледі. Медициналық ұйымдардың қызметкерлерін оқыту стандарттары бекітілген кәсіптік талаптарға сәйкес келтірілген.

Оқу әдістемелік орталығында симуляциялық орталық (17 манекен мен фантом, оның 4-уі компьютерлендірілген), ана мен баланы қорғау орталығы және қосымша білім беру бөлімі жұмыс істейді.

Оқытудың негізгі бағыттары: ана мен баланы қорғау, АМСКК дамыту, қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру, шұғыл медициналық көмек көрсету (халықаралық стандарттар: BLS, ACLS, PALS, PHTLS), эпидемиология, клиника, COVID-19 профилактикасы, COVID-19-бен ауыруы мүмкін науқастармен қауіпсіз жұмыс.

"Биылғы жылы коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған жаңа инфекциялық клиникаларда жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерін даярлау бойынша тақырыптар оқыту негізгі бағыт болды. Осы өзекті тақырыпқа шетелдік (Израиль, Германия, Ресей, Испания, Англия, Корея және т.б.) және отандық мамандарды тарта отырып, біліктілікті арттырудың 40-тан астам кезеңі өткізілді. Инфекция тақырыбы бойынша тәжірибелі денсаулық сақтау саласының 3 мыңнан астам қызметкері оқытылды. Басқа циклдарда 4,5 мыңға жуық маман оқытылды", – деді спикер.  

Светлана Сұлтанғазиеваның айтуынша, жылдан жылға дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін дипломнан кейінгі даярлауға жергілікті бюджеттен қаржыландыру өсіп келеді. Өткен жылдармен салыстырғанда 2020 жылы Алматы қаласының медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жергілікті бюджеттен 60%-дан астам қаржы бөлінді.

"2020-2021 оқу жылдарында біздің колледжде оқу үшін 325 грант бөлінді, ал алдыңғы жылдары гранттар саны 225-тен аспаған. Мұның бәрі Алматы қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органының тәжірибелік денсаулық сақтау мәселелеріне жіті назар аударатынын білдіреді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу