Covid-19-ды емдеуге қолданылған "Фавипиравир" препараты қолданыстан алынады

1232

Клиникалық зерттеулер аяқталмайынша "Фавипиравир" ем-дом кезінде қолданылмайды.

Covid-19-ды емдеуге қолданылған "Фавипиравир" препараты қолданыстан алынады

Коронавирус инфекциясын емдеуде қолданылатын "Фавипиравир" препаратын сатып алу тоқтатылады. Мұндай шешімді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған, деп хабарлайды Atameken Business. 

Оған қолданыстағы КОВИД-ке қарсы клиникалық зерттеулер заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігі түрткі болыпты. Осыған байланысты дәрі-дәрмек жеткізуші бірыңғай дистрибьютер аталған препаратты сатып алуды тоқтатты. Яғни, клиникалық зерттеулер аяқталмайынша "Фавипиравир" ем-дом кезінде қолданылмайды. Бұл препарат 2014 жылы тұмауды емдеу үшін  Жапонияда жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу