Елімізге келген 2 шетелдік азамат депортацияланды

604

Минсктен келген жолаушылардың анықтамасы жарамсыз болып шыққан. 

Елімізге келген 2 шетелдік азамат депортацияланды

Минск–Нұр-Сұлтан әуе рейсімен елімізге келген Түркия мен Белорусь елінің азаматтары кері қайтарылды. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов осындай мәлімет айтты.

"7 қазанда  Минск–Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген Түркия азаматының ПТР-тестен, Белорусь азаматының экспресс-тестен өткені туралы анықтамалары 1 қазанда берілген болып шықты. Сондықтан олар депортацияланды",  деді Сәдуақас Байғабылов.

6 қазанда күшіне енген карантиннің жаңа ережесі бойынша, COVID-19-ға ПТР-тестен өткені туралы анықтама 72 сағатқа ғана жарамды деп бекітілген. Бұл мерзімнен асқан анықтамасы бар шетелдіктер Қазақстанға кіргізілмейді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу