Еліміздегі 11,9% адамның вакцинаға қарсы, деп хабарлайды Atameken Business.
Десе де мұндай ақпаратты естіген халық тағы да вакцинаның нәтижелілігіне күмәндәнатыны анық. Оны сейілту үшін халық арасында түрлі зерттеулер жүргізілуде. Мысалы, "Ел үшін егілемін" коронавирусқа қарсы тәуелсіз бірлестігі әлеуметтік сауалнама жүргізген. Оған 18 жастан асқан еліміздің әр өңіріндегі 2 559 респондент қатысқан. Нәтижесінде, қазақстандықтардың 65,6 проценті ковидпен ауырмағаны анықталды. 3 пайызы сырқаттанып ауруханада емделсе, тағы 10 проценті госпитализациясыз үйде емделген. 21,4 пайызында ауру белгілері бар болғанымен ПТР тест тапсырмаған, дәрігерлерге жүгінбеген. Ал сұралғандардың 11,9 проценті вакцинацияға түбегейлі қарсы. 69,6 пайызы оң көзқараста. Толығырақ: