COVID-19: Экспресс-тесттен кімдердің өтетіні белгілі болды

1754

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады.  

COVID-19: Экспресс-тесттен кімдердің өтетіні белгілі болды

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жедел штабтың мәліметтері бойынша, алғашқылардың бірі болып тексеруден:

коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар,

жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;

тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар;

науқастармен байланыста болған адамдар;

коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады.

Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90%-дан кем емес.

ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу