COVID-19: Еуропада төртінші толқын күзде басталады

630

Сарапшы әр жыл сайын COVID-19 ауруына қарсы ревакцинация жүргізілуі әбден мүмкін дегенді айтты. 

COVID-19: Еуропада төртінші толқын күзде басталады Фото: reuters.com

Еуропада коронавирус індетінің төртінші толқыны күзде басталады. Бельгиядағы UCLouvain университетінің иммунология профессоры, доктор Жан-Люк Гала осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, коронавирус дертін жұқтырғандар саны жаңа штамның таралуы салдарынан өсіп жатыр,ал вакциналардың тиімділігі төмендеуде.

Сарапшы "дельта" штамы және оның таралуы туралы көбірек мәлімет жинау керек деп санайды. Сондай-ақ коронавирустық инфекцияны емдеу аспектісін қарастыру қажет екенін мәлім етті. Ол антипаразиттік ивермектин препараты ауруды емдеудің алғашқы кезеңінде өте тиімді екенін айтты.

Гала коронавирус дерті әдеттегі тұмау сияқты Жер бетінде қалады деген пікірде. Оның ойынша, әр жыл сайын COVID-19 ауруына қарсы ревакцинация жүргізілуі әбден мүмкін.

Еске сала кетсек, 6 шілдеде Португалия премьер-министрі Антониу Кошта ел коронавирустың төртінші толқынына тап болды деп мәлімдеген еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу