COVID-19-ға қарсы күресте белсенді болған алматылық еріктілер марапатталды

934

Ержан Бабақұмаров алматылық еріктілерге COVID-19-ға қарсы күреске қосқан үлесі үшін наградалар табыс етті.

COVID-19-ға қарсы күресте белсенді болған алматылық еріктілер марапатталды

Алматылық еріктілер COVID-19-мен күреске қосқан үлесі үшін марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz. өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтемемен.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қала еріктілеріне "Халық Алғысы" медалін, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын, сондай-ақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, қала белсенділеріне ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой атынан пандемиямен күрестегі қажырлы еңбегі, мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға және дәрігерлерге қолдау көрсетуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

"Халық Алғысы" медалімен белсенділер М.Ізмакова - №1 балалар үйінің балаларына, Г. Бақбергенова - аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсеткені үшін марапатталды. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Б.Кенішқалиев пен А. Әбішев болды. Қала әкімінің атынан алғыс хаттар қоғам қайраткерлері А. Әлжанова мен И. Виговскаяға, Қызыл Ай еріктілері А. Журсиналиеваға, Қазақстан Еріктілер лигасы - Б. Анарбаеваға, "Клуб добряков Алматы" жетекшісі - М. Мырзахметоваға, "Дарим  радость" қорының жетекшісі - К. Ударцева,  "Lider.kz" ҚҚ мүшесі Р. Тохтабакиева, сондай-ақ белсенділер А. Мұхамеджанов, Б. Құсайынов, Р. Сармурзаков және т. б. қатысты.
  
Жалпы, пандемия кезінде халыққа түрлі көмек көрсеткен қоғамдық ұйымдардың 30-дан астам өкілінің еңбегі атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу