COVID-19-ға қарсы вакцина алған қазақстандықтарға шетелден келгенде ПТР анықтама қажет емес

1537

Қаулы 3 мамырдан бастап күшіне енеді. 

COVID-19-ға қарсы вакцина алған қазақстандықтарға шетелден келгенде ПТР анықтама қажет емес

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мемлекеттік шекарадан өту ережелеріне өзгертулер енгізді, енді COVID-19-қа қарсы вакцина алған азаматтарға ПТР-тесті туралы куәлік ұсынудың қажеті жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасында COVID-19-қа қарсы вакцинацияның толық курсын алған, құжаттық дәлелдемелер ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдардан басқа  барлық келушілерден ПТР әдісімен (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде) COVID-19 сынағының теріс нәтижесі бар сертификат талап етіледі", - делінген жарияланған қаулыда.

ПТР куәлігі жоқ кіру рұқсаты шетелден (немесе тұруға ықтиярхаты бар) әуе көлігімен, сондай-ақ теміржол, теңіз, өзен және автомобиль көлігімен келетін вакцина алған Қазақстан азаматтарына қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу