COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандардың 0,02%-ы індет жұқтырған

974

Осы уақытқа дейін 1,5 млн адам препараттың бірінші компонентін алды. 

COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандардың 0,02%-ы індет жұқтырған

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында өткен есеп беру кездесуінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы қазір екпе салу науқаны белсенді жүргізіліп жатыр. Ел халқының вакцинаға деген сенімі артып келеді. Коронавирусқа қарсы екпе алған 1,5 млн адамның тек 0,02%-ы ғана індет жұқтырды", – деді министр. 

Сонымен қатар ол вакцинаның тиімділігі туралы сөз қозғады. 

"Статистика екпенің тиімділігін дәлелдеп отыр. Ары қарай барлығы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Сонымен қатар халықтың ұжымдық иммунитет қалыптастыруы мен жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауы да маңызды", – деді министр.

Айта кететіні 5 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 1 млн 486 мың адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін, 400,7 мың адам екнші компонентін салғызды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу