Covid-19: Гаитидің әлеуметтік істер министрі көз жұмды

805

Елдегі науқастардың саны 3500-ден асқан. 

Covid-19: Гаитидің әлеуметтік істер министрі көз жұмды

Гаити билігі коронавирус жұқтырған әлеуметтік істер министрлігінің басшысы Эммануэль Кантавтың қаза болғанын мәлім етті.

"Біздің әріптесіміз, әлеуметтік істер жөніндегі мемлекеттік хатшы Эммануэль Кантав бүгін таңертең қайтыс болды. Ол коронавирус инфекциясына шалдыққан еді",– деп жазды Гаитидің байланыс министрі Джексон Алексис Твиттердегі парақшасында. Шенеунік министрдің туысқандары мен достарына көңіл айтты.

Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде Covid-19  вирусын жұқтырғандардың саны 3548-ге жеткен. Осы күнге дейін ауруын асқындырып алған 54 кісі ажал құшты. Ал әлемдегі науқастардың саны 7 миллионнан асып, оның 404 мыңы қаза тапты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу