COVID-19: Ілеспе диагноздардан көз жұмғандардың жіктемесі белгілі болды

586

Індет жұқтырған 9309 дәрігердің 9133-іне өтемақы төленген. 

COVID-19: Ілеспе диагноздардан көз жұмғандардың жіктемесі белгілі болды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев коронавирустың ілеспе диагноздарынан қайтыс болған 709 адамның қандай ауру түрлерімен науқас болғанын баяндап берді. 

"1 наурыз бен 31 қазан аралығындағы кезеңде республика бойынша COVID-19 инфекциясының  ілеспелі диагноздарынан барлығы 709 өлім жағдайы тіркелді. Оның ішінде аурулар мынадай сыныптар бойынша бөлінеді: тыныс жүйесінің аурулары – 332, қан айналым жүйесінің аурулары – 235, эндокриндік жүйенің  аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы – 34 жағдай, жаңа өскіндер – 32 жағдай, басқа да аурулар бойынша 72 жағдай  тіркелген", – деген ресми өкіл Індеттен қайтыс болған медицна қызметкерінің отбасыларының бәріне өтемақы төленгенін мәлімдеді. 

"Медицина қызметкерлерінің індетке шалдығуы бойынша 9309 өтініш қабылданды. Соның  ішінде 9133 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. 1182 медицина қызметкері қайтыс болды. Оларға үкімет тарапынан толық өтемақы төленді", – деді ол. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу