"Вакциналауды өткізгенде мүлде қарсы көрсетімді мынадай жағдайлар туындатады: өмірге қауіпті әрі ауыр реакцияларды өткізгенде (анафилактикалық шок, асфиксиясымен бірге Квинкенің домбығып ісінуі, Лайелла синдромы және т.б)., сонымен қатар нақты вакцинаның құрамында ағзаға қиын тиюі мүмкін компонентер болған жағдайда. Вакциналардың өзінің де түр-түрі болғандықтан, олардың компоненттері де бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Ал Қазақстанда осы жағдайды ескере отырып, басқа вакцинаны таңдап алуға мүмкіндік бар", - дейді Тайыр Нұрпейісов.
Созылмалы аурудың өршуі вакциналау кезінде ағзада уақытша қарсы көрсетім туындатуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігерге жүгініп, вакциналауды 2-4 аптаға созуға болады.
Аян Бекенұлы