26 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай: "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. "Сары" аймақта тек Түркістан облысы бар.
26 шілдедегі мәлімет бойынша 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (81 077 КВИ+ және 2 007 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 23 868 пациент стационарда, ал 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 444 адамның жағдайы ауыр болса, 304 пациенттің жағдайы өте ауыр. 183 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
25 шілдеге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 5 145 055 адам, ал ІІ компонентін 3 264 705 адам салдырған.
Аян Бекенұлы