Covid-19: Иордания жаппай шектеу режимін енгізді

599

Елдегі базарлар, сауда және қызмет көрсету салаларының кәсіпорындары, музейлер, саябақтар, спорт кешендері мен кинотеатрлар 48 сағатқа жабылады.  

Covid-19: Иордания жаппай шектеу режимін енгізді

9 қыркүйекте Иордания билігі індеттің таралуын тежеу үшін 48 сағаттық жаппай шектеу режимін енгізді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Ресми дерек бойынша тұрғындар оқшаулану режимін сақтауы тиіс: үйден тек шұғыл жағдайда ғана шығуға рұқсат берілген. Енді екі күн бойы елдегі базарлар, сауда және қызмет көрсету салаларының кәсіпорындары, музейлер, саябақтар, спорт кешендері мен кинотеатрлар жұмыс істемейді. Әскерилер мен қауіпсіздік күштері шектеу шараларының сақталуын қадағалайды. Жергілікті билік 17 қыркүйекте мектептердегі сабақтарды онлайнға ауыстырған еді. Қазір университеттер мен колледждердегі сабақтар да қашықтан жүргізіліп жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны бір күн ішінде 1317-ге артып, 21517-ге жеткен. 28 наурыздан бері бұл дерттен 144 адам көз жұмды. 5777 адам ем-дом қабылдап жазылған.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу