Covid-19: қайтыс болғандар саны 700 мыңнан асты

683

ДДСҰ сынақтап өткізіліп жатқан вакциналардың тиімділігіне ешкімнің кепілдік бере алмайтынын айтуда.

Covid-19: қайтыс болғандар саны 700 мыңнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырып қайтыс болғандардың саны 700 мыңнан асты. Бұл мәлімет Джонс Хопкинс Университетінің сайтында жарияланды. 

Қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Бұл елде дерттен 155 мың тұрғын дерттен қаза тапқан. Екінші орында – Бразилия, шамамен 96 мың адам көз жұмған. Үшінші орындағы Мексикада 48 мың адам ауруын асқындырып ажал құшқан. 

Соңғы дерек бойынша, әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 18,5 миллионнан асқан. Оның 4,7 миллионы – АҚШ тұрғындары. 

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус қазір сынақтан өткізіліп жатқан вакциналардың тиімділігіне ешкімнің кепілдік бере алмайтынын, тіпті Covid-19 инфекциясына қарсы "қару" мүлдем пайда болмауы мүмкін дегенді айтып қалды. Осы орайда ол барлық мемлекеттерді тиісті санитарлық шараларды жүргізуге үндеп, маска кию елдердің ортақ мүддесінің символына айналу керектігін жеткізді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу