COVID-19: Қазақстан әлі де "қызыл" аймақта тұр

1242

Елдегі эпидемиологиялық ахуал жағынан "жасыл" аймақта Шығыс Қазақстан мен Түркістан облысы ғана тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сілтеме жасап.

COVID-19: Қазақстан әлі де "қызыл" аймақта тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 2711 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 799
Алматы қаласы - 299
Шымкент қаласы - 127
Ақмола облысы - 126
Ақтөбе облысы - 63
Алматы облысы - 49
Атырау облысы - 157
Шығыс Қазақстан облысы - 70
Жамбыл облысы - 35
Батыс Қазақстан облысы - 189
Қарағанды облысы - 395
Қостанай облысы - 53
Қызылорда облысы - 43
Маңғыстау облысы - 104
Павлодар облысы - 118
Солтүстік Қазақстан облысы - 42
Түркістан облысы - 42
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 442 291 адамды құрады.

Қазақстанда өткен тәулікте 1511 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 676
Алматы қаласы - 134
Шымкент қаласы - 43
Ақмола облысы - 30
Алматы облысы - 18
Атырау облысы - 5
Шығыс Қазақстан облысы - 71
Жамбыл облысы - 54
Батыс Қазақстан облысы - 55
Қарағанды облысы - 255
Қостанай облысы - 18
Қызылорда облысы - 31
Маңғыстау облысы - 38
Павлодар облысы - 40
Солтүстік Қазақстан облысы - 14
Түркістан облысы - 29
Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 404 899 адам.

Елдегі эпидемиологиялық жағдай жағынан "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар облысы тұр. Ал "сары" аймақта Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облыстары бар. "Жасыл" аймақта Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары ғана қалған. Жалпы Қазақстан "қызыл" аймақтан шыққан жоқ.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу