COVID-19: ҚХР-ға шығу кезінде шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ

500

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.   

COVID-19: ҚХР-ға шығу кезінде шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі және әлемдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қараша айының соңынан бастап сырқаттанудың өсімі байқалды, желтоқсан айында сырқаттанғандардың орташа тәуліктік саны КВИ+ 200-ге дейін жетті.

"Бөлінген штамдардың соңғы реттілігі республикада 100% жағдайда COVID-19 Омикрон нұсқасының айналымы анықталғанын көрсетті. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Республика бойынша және Павлодар облысын қоспағанда, 19 өңірде инфекцияның таралу көрсеткіші (R) бірліктен төмен", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

"Елімізде және әлемде коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты қосымша шектеу шараларын енгізу туралы БАҚ-тың көптеген сұрауларын ескере отырып, Қазақстанда елге кіру кезінде де, әлемнің кез келген еліне, оның ішінде ҚХР-ға шығу кезінде де қандай да бір шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ", - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу