COVID-19: киносеанстар саны бір жылда 2 есе, келушілер саны 4 есе азайған

986

Өткен жылы кинотеатрлар 5,9 млрд теңге пайда тапқан. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,6 есе аз.

COVID-19: киносеанстар саны бір жылда 2 есе, келушілер саны 4 есе азайған

Елімізде коронавирус салдарынан киносеанстар саны бір жылда 2 есе, келушілер саны 4 есе азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылы елімізде 110 кинотеатр мен ұйым жұмыс істеген. Өткен жылы олардың саны 114 болған. Олардың арасында 99-ы кинотеатр (2019 жылы – 101), 70-і цифрлық (2019 жылы – 72) кинотеатр болып саналады.

Өткен жылы кинотеатр қызметінен 5,9 млрд теңге табыс түскен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,6 есе аз. Шетел фильмдерін көрсетуден түскен табыс – 3,6 млрд теңге. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 5 есе аз.

Ұлттық фильмдерді көрсетуден түскен табыс бір жылда 2 есе азайған: 2,1 млрд теңге. 2020 жылы бірлесіп шығарылған фильмдерді көрсетуден түскен табыс – 119,9 млн теңге. 

99 кинотеатрдың 28-і Алматыда, 10-ы Қарағанды облысында, 9-ы Нұр-Сұлтанда орналасқан.

Сондай-ақ кинотеатрдан түскен табыстың жартысына жуығы Алматыға тиесілі: 2,8 млрд теңге. Нұр-Сұлтанда да қомақты табыс тіркелген: 1,3 млрд теңге.

2020 жылы 292,4 мың киносеанс өткізілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,3 есе аз. Оның ішінде 203,8 мың киносеанс шетел фильмі, 80 мыңы ұлттық, 8,5 мыңы бірлескен фильм болып саналады.

Балалар үшін 50,2 мың киносеанс өткізілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5 есе аз.

Киносеансқа келушілер саны бір жылда 4,2 есе азайған: 4,8 млн адам.
2,9 млн адам шетел фильмін, 1,7 млн адам ұлттық фильмді, 97 мың адам бірлескен фильмді көруге келген.

913,8 мың бала кинотеатрға барған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5 есе аз.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу