COVID-19 құрбандарының саны – 1 357

1652

Коронавирус жұқтырғандар қатары осы айдың соңында күрт көбейіп, наурызға қарай көрсеткіш бәсеңдей бастайды.  

COVID-19 құрбандарының саны – 1 357

Қытай ғалымдары осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Atameken Business. 

Инфекция жұқтырғандарды жаңа әдіс бойынша анықтай бастаған олар, індет ошағынан бір тәулік ішінде 15 мың адамды тіркеуге алған. Бүгін Хубей провинциясында тағы 244 адам қайтыс болды. Әлем бойынша ауырып жатқандар саны 45 мыңнан асады. Жазылып шыққандары – 5150. Қытайдан басқа мемлекеттерде 175 адам оқшауланып, ем қабылдап жатыр.

COVID-19 кесірінен Макао күніне 1,5 млн доллардан қағылып отыр

Коронавирус өршіп кеткендіктен, Макаодағы казинолар 5 ақпаннан бастап екі аптаға жабылғанын хабарлап едік. Салдарынан қала күн сайын 1,5 млн доллар кірістен қағылып отыр. Себебі бұл елдімекенде індетке шалдыққан 10 адам анықталған. Қазір мұнда сырттан көліктердің кіріп-шығуына шектеу жасалған. Бұл қала – Қытайдағы ойынқұмарлар жиналып, қисапсыз қаржы шығындайтын орталық еді. Былтыр құмар ойын нарығындағы әлемдегі ең ірі MGM деп аталатын компания табысының 27 пайызы осы Макаодан түскен. Әзірге казинолардың қашан ашылатыны белгісіз. 

Елордадағы базарда тауарлар таусылуға жақын

Өздеріңіз байқаған боларсыздар, шығыстағы көршімізбен қай жағынан болсын байланысымыз тығыз. Демек коронавирус салдарынан ұтылатын елдердің қатарында Қазақстан да бар. Қазірдің өзінде еліміздегі қытай тауарлары сатылатын базарларда баға қымбаттаған. Оған шекараның жабылуы себеп. Сатушылар қымбатшылық әлі де жалғасуы мүмкін дейді. Себебі қоймалардағы қытайлық тауарлар таусылуға жақын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу