Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық басшысының орынбасары Махаббат Бекбосынова симптомсыз науқасқа дәрі ішудің қажеті жоқ екенін айтты.
"Жалпы симптомсыз науқасты емдеу дегеннің өзі даулы мәселе. Егер адам ағзасында өзгеріс байқалмаса, адам өзін қалыпты сезінсе, ем қабылдау қисынға келмейді. Бұл ойыммен мамандар да, қарапайым адамдар да келіседі деп ойлаймын. Біз қазір жеңіл формалы науқастарға арналған нұсқаулық шығардық. Ол бойынша жеңіл формадағы науқастың қызуы көтерілсе, парацетамолдан басқа дәрі қолданып қажет емес. Тіпті басқа дәрі ұсынылмайды. Егер жеңіл формалы науқаста пневмания белгісі байқалса, дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі қабылдау керек болады. Мұның бәрін эфирде тізіп отыруым дұрыс болмайды. Өйткені әр науқас дәрігермен тікелей сөйлесіп, кеңес алуы керек", – деді ол онлайн-брифингте.
Есжан Ботақара