COVID-19: Наурызда дәрігерлерге 3,2 млрд теңге үстемақы төленген

988

Індетпен күреске 16 453 медицина маманы тартылған.  

COVID-19: Наурызда дәрігерлерге 3,2 млрд теңге үстемақы төленген

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова коронавируспен күреске тартылған медицина мамандарына үстеме ақы қалай төленіп жатқанын айтты.

"Президенттің тапсырмасымен COVID-19 инфекциясымен күреске тартылған медицина мамандарын ынталандыру және қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 40,4  млрд теңге бөлінді. Наурызда аймақтардағы эпидемиологиялық  жағдай ескеріле отырып, 3,2 млрд теңге жұмсалды. Яғни,  17 өңірдегі медициналық қызметкерлер 100 пайыз үстеме ақы алды.  Мамандар COVID-19 індетін жұқтыру тәуекеліне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші топта 1 366 адам,  екінші топта 7186 адам, үшінші топта 7901 адам іріктеліп, экпидемияға қарсы шараларға тікелей қатысты.  Жалпы 16 453 маманға жұмыс істеген уақытына қарай үстеме ақы төленді. Айта кету  керек, қызметкерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін  жергілікті атқарушы органдардың жанынан арнайы комиссия құрылған болатын", –  деді Айжан Есмағамбетова.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу