COVID-19 пневмониясынан 3 адам қайтыс болды

1241

7 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус белгісі бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.

COVID-19 пневмониясынан 3 адам қайтыс болды

Қазақстанда COVID-19 пневмониясынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"2021 жылдың 5 наурызында коронавирус белгісі бар пневмонияның 52 жағдайы және 3 өлім дерегі тіркелді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 212 адам емделіп шыққан.

Айта кетейік, 1 тамыздан бері елімізде коронавирус белгісі бар пневмониямен ауырғандар саны – 49 556, 640 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандардың саны – 43 608.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу