Covid-19: Ресей халқының саны азайып жатыр

589

Биыл ондағы адам саны 158 мыңға кемиді.   

Covid-19: Ресей халқының саны азайып жатыр

Пандемия кесірінен Ресей халқының саны соңғы 14 жылдағы ең төмен көрсеткішке дейін қысқарады. Бұл туралы РБК басылымы хабарлады. Оң динамика 2022 жылы басталады.

Ресми дерек бойынша, жыл соңына дейін халық саны 158 мыңға қысқарады.

Қаңтар және маусым айларында өлім деңгейі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда  3,1%-ға көбейген. Ал туу көрсеткіші 5,4%-ға азайған.2006 жылы адамдардың саны 373 мыңға азайған болатын.

Кедейлік деңгейі биыл 13,3%-ға артпақ. Ескере кететін жайт, ресейліктердің табысы осымен жеті жыл қатарынан кеміп отыр, мұндай динамикаға Қырымды қосып алу мен Батыс елдерінің санкциялары себеп болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу