Ресейдің Россельхознадзор федералды қызметі Қорғаныс министрлігінің Институтымен бірлесе адамдар мен жануарлардың ағзасынан коронавирус инфекциясын анықтайтын тест жасаған еді. Енді олар мысықтарға арналған вакцина шығармақшы. Бұл туралы Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт мәлім етті.
Оның айтуынша, препарат күзде сынақтан өткізіле бастайды және оны Covid-19 жұғатын басқа да жануарларға егу болады.
"Вакцина әсіресе қаракүзен бағумен айналысатын шаруашылық саласына қажетті болуы мүмкін. Өйткені Дания мен Нидерланд елдері коронавирус кесірінен осы жануардың миллиондаған басын жоюға мәжбүр болды. Қаракүзендер вирусты бір-біріне өте тез жұқтырады", – дейді Данкверт.
Егер вакцина кең сұранысқа ие болса, онда екпе ветеринарлық клиникаларға да сатыла бастайды.Қазір ғалымдар препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін анықтау үшін тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Табиғат Нұрболат
Фото: hightech.fm