Covid-19: Ресейде тағы бір вакцина сынақтан өтіп жатыр

719

Жалпы, бұл елде вирусқа қарсы 20 шақты вакцинаның тиімділігін тексеру жұмыстары басталып кетті. 

Covid-19: Ресейде тағы бір вакцина сынақтан өтіп жатыр Фото: tass.ru

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді. Препаратты Ресей ғылым академиясының Чумаков атындағы Федералды ғылыми орталығы жасап шығарған. 

Жақын арада Киров, Санкт-Петербург, Новосбирск қаласындағы еріктілерге осы екпе егіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес, зерттеу жұмыстарына 3 мыңнан астам адам қатысады.

Қазіргі таңда Ресейде Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу орталығы жасаған "Спутник V" деп аталатын вакцина тіркелген. Сонымен қатар Новосибирск зертханасының ғалымдары "Вектор" деп аталатын препараттың тиімділігін тексеруді бастап кетті. 

Жалпы, Ресейде вирусқа қарсы 20 шақты вакцина клиникалық тексерістен өтіп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу