Covid-19: Ресейде вакцина дайын

706

Оның өндірісі тамызда басталуы мүмкін.

Covid-19: Ресейде вакцина дайын

Ресейдің Қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын екенін растады. Препаратты ресейлік әскери вирусологтар мен Гамалеи атындағы Ұлттық микробиология мен эпидемиология зерттеу орталығы бірлесе жасаған екен. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

Ресми дерекке сүйенсек,20 шілдеде вакцина егуге келіскен еріктілердің екінші тобы сынақтан сәтті өткен. Олардың ағзасында иммундық реакция пайда болған, жанама әсер көп байқалмаған. Тек қызулары көтеріліп, бастары ауырған, бірақ бұл белгілер бір күнге созылған. 

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевтің сөзінше, препаратты Ресейдегі реттеушілер тамызда мақұлдауы тиіс, содан кейін вакцинаны өндіру басталады. Ол жақын арады 40-50 миллионға жуық ресейлікке салу керектігін айтты. 

Табиғат Нұрболат
Фото:vesti.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу