5 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделіп жатыр. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сүйенсек, олардың 15 015 -і стационарда, ал 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 784 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр, 117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке тоқталсақ, 3 мамырдағы мәлімет бойынша 29 жаңа жағдай тіркелген. 5 адам ауру салдарынан көз жұмыпты. 65 адам жазылып шыққан.
"2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 53 122, өлім жағдайлары – 817, барлығы 51 935 адам сауығып шықты",– деп сөйлейді статистика.