COVID-19: Шетелден анықтамасыз оралғандар стационарға оқшауланады

653

Қазақстанға қатынайтын ұшақтар қолында COVID-19 анықтамасы жоқ шетелдіктерді бортқа кіргізбейді. 

COVID-19: Шетелден анықтамасыз оралғандар стационарға оқшауланады

Қазан айының басында Қазақстанға әлемнің 21 елінен келіп қонатын ұшақтарға қатысты жаңа талап енгізілмек. Бұл туралы көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.     

"Шетелдік азаматтардың қолында ағзасында COVID-19 індеті жоқ екені туралы анықтама болуы керек. Ол анықтаманың мерзімі шекараны кесерде үш күннен артық болмауы қажет. Бұл талап сақталмаса, жолаушы әуежайдан ұшақ бортына жіберілмейді. Ал қазақстандық азаматтар тиісті анықтамасы болмаса, ұшаққа жіберіледі. Бірақ келген бойда ұшақ бортынан бірден екі аптаға стационарда оқшауланады", – дейді ол.

Өзгеріс қазан айының алғашқы 10 күнінде күшіне енеді деп күтілгенімен, нақты датасы әзірге белгісіз.

Ерекше талапқа енген 21 елдің бәрі де індет қауіпсіздігі бойынша ІІ санатқа жататын елдер. Оның ішінде Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Хунгрия, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан мен Тәжікстан бар. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу