Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер COVID-19-ға қарсы күресу, "омикрон" жаңа штамы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және одан кейінгі карантин мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды.
Вице-Премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтіп, халықты коронавирустық инфекцияға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Ведомствоаралық комиссия жоспарлы иммундаумен қамту 10 ай ішінде оңтайлы көрсеткіш 95%-дан кем емес оңтайлы 79%-ды құрайтынын атап өтті. Республиканың барлық өңірі пневмококк инфекциясы, көкжөтел, дифтерия, сіреспеге (АКДС) қарсы вакцинациялаумен қамтылған.
Республикалық мәннен төмен көрсеткіштер Атырау (62,3 %), Павлодар (64,7 %), Ақтөбе (66,1 %), Маңғыстау (66,4 %), Батыс Қазақстан облыстарында (67,4 %) және Алматы қаласында (63,4%) байқалады. Иммундау қарқыны қазан айынан бастап тұрақты төмендеп келе жатқан өңірлердің, Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басшыларына сеніп тапсырылған аумақтардың халқын вакцинациялаумен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырмасы берілді.