COVID-19: Токио азаматтарға 15,8 млрд доллар төлейді

752

Тұрғындарға 174 доллардан беріледі.

COVID-19: Токио азаматтарға 15,8 млрд доллар төлейді Фото: reuters.com

Токио билігі COVID-19 індеті кезінде халыққа 15,8 миллиард доллар бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті Yomiuri басылымына сілтеме жасап.

Жапония үкіметі бұл төлемдерді 2022 қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджет жобасына енгізген. Көмек аясында пластикалық карта түріндегі жеке куәлігі бар барлық тұрғындарға 174 доллардан беріледі.

Қаражатты алу үшін карта медициналық сақтандыру ретінде пайдаланылуы тиіс, сондай-ақ оларды банктегі шотқа бекіту қажет. Осылайша, билік сәйкестендіру карталарының қолданылуын арттырмақ. 

Бұған дейін Ұлттық генетика институтының профессоры Итуро Инуэ Жапонияда вирустың дельта штамы тұрақты түрде мутацияланып өзін-өзі жойғаннан кейін, COVID-19 ауруын жұқтыру көрсеткіші төмендеді деп мәлімдеген еді. Сонымен қатар ол елдегі вакциналау процесі мен инфекциядан қорғану шараларының сақталуы да инфекциялар санының азаюына себеп болғанын айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу