COVID-19-тың өршуіне жүйедегі қателік себеп

971

Бұл "Салауатты Астана" емхана желісі бақылау кеңесінің төрайымы Лейла Ішбаеваның пікірі.  

COVID-19-тың өршуіне жүйедегі қателік себеп

Ел ішінде коронавирустың өршуіне медицина жүйесіндегі қателік себеп, деп хабарлайды Atameken Business.   

Оның айтуынша әуелден науқастарды ПТР тест нәтижесіне қарай стационарларға бөлу қате болған. Себебі қауіпті дерт нақтыланбай, бірақ тыныс алуы қиындаған азаматтарға қажетті ем-дом дер кезінде жүргізілмеген. Сондай-ақ, індеттің көбеюіне сынама құны да ықпал етуі мүмкін. Ішбаеваның сөзінше, 20 мыңдық тест кей тұрғындарға қол жетімсіз болған. Алайда, дертті анықтаудың тиімді, әрі арзан басқа жолы болған. Сарапшы министрліктің не үшін иммунноферменттік талдау әдісін  қолданбағанын түсінбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу