COVID-19: Уханьның барлық тұрғыны 5 күн ішінде тексерілді

1210

Шамамен 11,28 млн адам тексерістен өтті. 

COVID-19: Уханьның барлық тұрғыны 5 күн ішінде тексерілді

Пандемия басталған Қытайдың Ухань шаһарының тұрғындары COVID-19 дертін анықтайтын тестілеуден өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Халықты тестілеуден өткізу туралы шешім бұған дейін бірнеше адамның ауруға шалдыққаны анықталғаннан кейін қабылданды. Мамандар бес күнге созылған тексерісті 8 тамызда аяқтады. Тестілеуден шамамен 11,28 млн адам тестілеуден өтті. Ухань үкіметі хатшысының орынбасары Ли Таоның айтуынша, алты жасқа дейінгі балалар мен жазғы демалысқа кеткен студенттерден басқаларына қатысты деректер зерттелген.

7 тамызда Ухань билігі COVID-19 ауруын жұқтырудың 19 жағдайы тіркелгенін хабарлаған еді. Сонымен қатар олар инфекцияның асимптоматикалық 42 тасымалдаушысын анықтады. Жергілікті үкіметтің айтуынша,  тестілеуді 28 мыңнан астам медицина қызметкері жүргізген.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу