COVID-19: "үнді" штамы Минск қаласына жетті

772

Оның дерттің ауыр формасына шалдықтыратыны туралы дәйектер жоқ.

COVID-19: "үнді" штамы Минск қаласына жетті

Коронавирустың "үнді" штамы Беларусь астанасы Минск қаласына жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әзірге штамның басқа аймақтарға тарағаны-тарамағаны анықталған жоқ. 

"Маусым айында COVID-19 дертін жұқтырған науқастардың анализдерін зерттей келе, Минск қаласында он адамның "үнді" штамына тән белгілері бар вирусты жұқтырғанын анықтадық", – деп жазылған денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәлімдемесінде. 

Ведомство дерегінще, бұл штамм басқаларына қарағанда тез таралады.

"Тікенекті ақуыздағы мутациялар вирустың жасуша рецепторына жақсырақ жабысуына және оған тезірек енуіне септігін тигізеді. Алайда оның дерттің ауыр формасына шалдықтыратыны туралы дәйектер жоқ.  Сарапшылардың пікірінше, вакцинация аурудың "үндістандық" нұсқасын жеңілірек еңсеруге көмектеседі", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Ресми статистиканың соңғы мәліметіне сәйкес, пандемия басталғаннан бері Белоруссияда 411 мың адам коронавирус инфекциясына шалдығып, оның шамамен 3 мыңы қайтыс болды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу