Covid-19: Үндістанда бір күнде 11 мың науқас тіркелді

590

Бұл ел науқастар саны бойынша үшінші орында.

Covid-19: Үндістанда бір күнде 11 мың науқас тіркелді Фото: ria.ru

Үндістанда бір тәулік ішінде 11 мың адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жарияланды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, бір күн ішінде 650 адам қаза тауып, 35 мың тұрғын ем-дом қабылдап жазылған. 

Үндістан коронавирус індетінің таралуы бойынша қазір үшінші орында. Соңғы мәлімет бойынша, қазір бұлде 496 мың науқас емделіп жатыр, 952 мың адам аурудан айықты. Осы күнге дейін 33 мың тұрғын дерттен қаза тапқан.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп жариялаған еді. Ұйымның дерегі бойынша, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 16 миллионнан асқан, 646 мың адам көз жұмған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу