Daily Mail газетінің хабарлауынша, қымбат "ягуарлар" мен "рендж-роверлер" зауыт маңындағы тұрақта симағанықтан Оксфордширдегі ұшу алаңына жеткізіліп жатыр. JLR компаниясының авиабазаны жалға алудан басқа амалы жоқ. Әрқайсысы 70 мың доллардан қымбат тұратын машиналардың 2000 данасы сатылмай қалған.
Сәуір айында Ұлыбританияда 871 көлік тіркелген. Бұл 1946 жылдан бергі тарихи минимум. Алыс-беріс жанданбағанша көліктер тұра береді. Сарапшылардың болжауынша, екі-үш аптадан кейін ағылшын нарығы қайта "тіріледі".
Олжас Оқас
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу