COVID-19: Вакциналау бойынша әлемдегі жетекші ел анықталды

798

Халықты иммундау бойынша Біріккен Араб Әмірліктері бірінші орынға шықты. Қазіргі уақытта БАӘ 15,5 миллион доза екпе егілген.  

COVID-19: Вакциналау бойынша әлемдегі жетекші ел анықталды

Елдегі 10 миллион халықтың 72 пайызы қамтылған. Екінші орында Сейшел аралдары, мұнда халықтың 71,7%-на екпе салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Португалияның туристік архипелагы саналатын Мадейра вакцинациядан өткен кез-келген елдің азаматтарына кіруге мүмкіндік берді. Архипелаг билігі Еуропалық агенттік бекіткен тізімдегі екпені ғана емес, кез-келген вакцинацина түрін салдырған азаматтарды емін-еркін қабылдайтынын атап өтті.

Ал ресми Джакарта карантинді күшейтіп жатыр. Индонезия билігі 5 шілдеден бастап, елге келушілердің барлығын 8 күн карантинге оқшаулайды. Тіпті вакциналау паспорты бар тұлғалар да талап бойынша өзін-өзі оқшаулауға тиіс . Вакцинация паспортын лауазымы шетелдік министрлерден төмен емес адамдарға ғана ұсына алады.

Франция билігі елде коронавирус инфекцияның төртінші толқыны жақындағанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Еуропаға COVID-19 дельта-нұсқасының келуі және елдегі жаңа инфекция жұқтыру жағдайларына байланысты ауру көрсеткіші соңғы бес күн бойы азаймай отырғанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрі елдегі вакцинация қарқынын шұғыл арттыру қажет екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу