COVID-19 вирусы мен пневмониядан 62 адам қайтыс болды

1152

Еліміздің басым бөлігі "қызыл аймақта" тұр.

COVID-19 вирусы мен пневмониядан 62 адам қайтыс болды Фото: Максим Морозов

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 62 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 5 179 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 504 290-ға жетті.

Өткен тәулікте 2 529 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 436 523 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

21 шілдедегі мәлімет бойынша 64 367 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 20 050 пациент стационарда, 44 317 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 157 адамның жағдайы ауыр, 263 пациенттің жағдайы өте ауыр, 160 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 62 адам өлімі тіркелді.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның басым бөлімі "қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 4 965 516 адам, екінші компонентін 2 907 410 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу